Қазақтың Салт - Дәстүрі: Қыз ұзату, Астана

Цена: Цену уточняйте
за 1 ед.

Описание товара

Үйленуге байланысты қазақтың Салт - Дәстүрі: Қыз ұзату, құда түсу, бата аяқ, құда тартар, қыз ұзату тойы, ау-жар, сыңсу, қоштасу.

«Той десе қу бас домалайды» дейтін қазақ, «тойға бұйырсын» деген үмітпен мал жиған, дәулет құрған. Тойдың ел айта жүрер ерекше көңілді, сән-салтанатпен өтуі той иесінің абыройын арттырған. Қазіргі қазақ тойларының бәрі бір-біріне ұқсас.
Тойымыз көңілді, қазақтың жанына қабысатындай болып өтсін десек, салт-дәстүрлеріміз бен ырым-тыйымдарымызды жақсы білуге тырысайық. Біліп қана қоймай, келешекке қалдыруды да бүгін ойлайық. Өз білгендеріңізді сіздер де жіберіңіздер.
******
Қыз ұзату
«Қыз көру» салты кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаз, сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп, қыз ауылына барады. Қазақта «қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді?» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады. Ондай жігіттерге ешкімнің наразылық білдіруге, тосқауыл жасауға хақысы жоқ. Керісінше жігіттерді салтанатпен қарсы алған. Ауылдың бойжеткен өр мінезді, еркін қыздары мұндайда «қыз көретін жігітті біз көрелік» деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Жігітке олар да сын көзбен қарап, өз ойын ашық айтқан. Осындай жолда бірін-бірі сынаған қыз-жігіттер айтысқа түскен. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда жіберген. Демек, жігіт пен қыз бірін-бірі ұнатқан жағдайда да құдалық жолы жасалған. Олай болса, қыз бен жігіт бірін-бірі ұнатып қосылған, сүйіп қосылған кездері қазақта ертеден болған. Әрине, қазақ салтында «қыз таңдау», «қыз көру» әр кезде бола бермеген. Оған аты белгілі адамдардың балалары мен жігіттердің ғана қолы жеткен.
Құда түсу
Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан әрі жарасты дәстүрлердің бірі – құда түсу. Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын өз ұлына қалыңдық етіп беруін сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп. Мысалы, құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр жегізу, тағы басқа ырымдар мен кәделері, алымдары болады. Құдалықты басқарып барған адам «бас құда» деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне «бауыздау құда» деп аталады. Құда түсу – қазақтың ең үлкен той-думаны, мәртебелі, жарасты әрі мән-маңызы бар салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын сауық, әзіл-қалжыңдар, балуан күрес, айтыс, өлеңдер айтылады. Екі жақта бір-бірінің артықшылығын байқап, кемшілігін сынап отыратыны – бесенеден белгілі.

Бата аяқ
Екі жақтық келісімнен кейін жігіт әкесі қыз ауылына келіп «бата аяқ» өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалыңмал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді. Батаның ек» түрі бар: біріншісі – кесімді бата жасау, яғни мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері, алыс-беріс, келу-кету, т.б. Екіншісі – кесімсіз бата, яғни мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді. Жағдайға, уақытқа қарай кейін белгіленеді. Ауқатты, елге есімі белгілі адамдардың құдалығына «бас жақсы», «аяқ жақсы» деген ірі, бағалы кәделер болады. «Бас жақсыға» - боталы түйе, құланды бие, жағалы киім, бағалы бұйым, алтын, күміс жамбылар жатады. «Орта жақсыға» - ең жақсы түйе не ат. «Аяқ жақсыға» - ат, сиыр, қой, т.б. жатады.
*****
Құда тартар
Қазақтың жол-жоралғылары, салт-дәстүрлері, түрлі ырым-тыйымдары мен кәде түрлері көп. Солардың ішінде қыз алуға келген құдаларға жасалатын құрмет те аз емес. Сол сияқты, олар тартатын күлкілі азап та көп. Олар «құдаларын құдайындай сыйлай» отырып, «құда тартар» атты кәделі дәстүрден аттап өтпейді. Бұл – ойын-күлкіге, сауыққа, сынға құрылған салт. Мұнда құда тартар кәдесін сұрай келген әйелдер бастаған топ құдаларға лап қояды да, оларды көкпар тартқандай тарта жөнеледі. Әрине, қарулы жігіттер мен жас әйелдер араласады. Олар құдаларды теріс қаратып өгізге мінгізеді, «кірлеп кетіпті ғой» деп өзенге апарып сүңгітеді, аяғын жоғары қаратып үйдің шаңырағына да асып қояды. Не керек, жұрт күлетін қиын да, кейде ерсі қимылдарға да барады. Бұған құдалар ашуланбайды. Қолынан келсе, олар да құдағи жағына күш көрсетіп, оларды қоса құшақтай кетеді. Мұның өзі жұрттың көңілін көтеретін бір үлкен ойын-сауыққа ұласып кетеді.
******
Қыз ұзату тойы
Ұзату тойында қыздың өз туыстары мен құрбы-құрдастары отырады. Ата дәстүріміз сол. Қазақ қызы әкесі мен ағаларының, өзге аталас туыс-бауырларының көзінше жігіттің жанына жақындауға ұялған.
Қазақ салтында жеңгелері қайын сіңлісінің қолын ұстатып, күйеу жігіттен «қол ұстатар», шашын сипатып «шаш сипатар» сыйлықтарын алған. Бұл, бір жағынан, жастар үшін сын болған. Осы сында қыздың ұяңдығы, ұялшақ, ибалы мінезі, тазалығы мен пәктігі, ал күйеу жігіттің тектілігі, жомарттығы көрінген. Және бұл жоралғылардың бәрі жас жұбайларға арнап тігілген оңаша отауда жасалған.
Қыз ұзату – үлкен той-думан әрі қызық болғанымен, бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны – «қызым өсті, өрісім кеңейді» дейді, жылайтыны – қимастық көңілі, бағып-қаққан перзентінің жатжұрттық боп кете баратыны...
Қызды алуға құда жақтан бес не жеті (тақ санмен), кейде одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жігіт пен күйеу жолдас болады. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар, әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде-жоралар жаслады. Жақын адамдар (ағайын-туыс, көрші-қолаң) құдаларды үйіне шақырады.
Ұзатылған қызды, дәстүр бойынша, таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу жырын», «Сыңсу» айтады, жастар «Жар-жар», «Ау-жар», «Аушадияр» айтады.
*****
Ау-жар
Ұзатылып бара жатқан қыздың «сыңсуы», «қоштасуы» - ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, туған ел-жұрттан бөліну, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай білген. Қыз жылап қоштасқанымен, бұл қайғы емес, қимастықтың белгісі. Дегенмен қыз ауылының қыздары мен жігіттерінің де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар өлең жырды үстемелей түсіп, айтыс түрінде «жар-жар», «ау-жарды» төкпелейді. Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолында жақсы ниет көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе «ау-жар», біресе «ай-ау», біресе «бике-ау», біресе «үкі-ау» деп те айтыла береді.
******

Сыңсу

Халқымызда тұрмыс салт жырларының ең көп тарағандарының бірі – сыңсу. Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар, «сыңсу» айтып қоштасады. Бұл сәтте оның жанында жеңгелері жүреді. Ол өзінің балалық дәуренің, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата-анасының, туысқандарының өзін мәпелеп өсірудегі еңбегін өлеңмен айта жүріп өксиді.
Қыздың сыңсуы жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салтанатты салт. Бұл адамгершілік, әдептілік жағынан алғанда да өте орынды дәстүр. Өйткені балалық күндерден ағайын ортасынан бөлініп кету оңай іс емес.
******
Қоштасу
Ұзатылатын қыз өз үйінен аттанар алдында өзінің ата-анасымен, аға-інісімен, сіңлісі, жақын-жуықтарымен қоштасу жырын айтады.
Қош аман, бол күнім-ау, - деп бауырларымен қоштасады. Мұнда «жыл айналып келгенше» деген сөздің мағынасы бар. Өйткені дәстүр бойынша, ұзатылған қыз жыл толмай өз үйіне бара алмайды. Барған жеріне «тастай батып, судай сіңу» үшін, екі жақтың әңгімесін тасымас үшін... тағысын-тағылар. Қазақтың бұл философиясының төркінінде, әрине, жас отбасының берік қалыптасу мектебі жатыр.
Қоштасу қазақ халқының бауырмалдық, әңшілік, айтқыштық қабілетін көрсететін тұрмыс салт жырларының ішінде көркем де көрнекті дәстүр. Қоштасу жыры соңынан қыздың жеңгелері мен серіктері:
Жылама, бикем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Ұл болып тусаң әуелден,
Сені мұндай қыла ма? – деп оған жұбату айтып, келешегіне жақсы тілек білдіреді.
Салт жырларының тәрбиелік маңызы зор. Мұнда ұлттық дәстүр, халықтық қағида, ағайын-туыстық қимас сезім, алдағы арман... бәрі де бар. Қоштасу, жұбату жыры сонысымен құнды.


Вы можете заказать товар Қазақтың Салт - Дәстүрі: Қыз ұзату в интернет-магазине Праздничное агентство "КоМеК" через нашу систему. В текущий момент товар находится в статусе "в наличии".

Организация Праздничное агентство "КоМеК" является зарегистрированным поставщиком на сайте BizOrg.su.

Служебная информация:

На нашей торговой площадке для удобства, каждой компании присвоен уникальный код. Праздничное агентство "КоМеК" имеет ID 159706. Қазақтың Салт - Дәстүрі: Қыз ұзату имеет код на сайте - 7572378. Если у вас обнаружились сложности при сотрудничестве с компанией Праздничное агентство "КоМеК" – сообщите идентификаторы компании и товара/услуги в нашу службу по работе с клиентами.

Товар был добавлен на сайт 16/09/2013, дата последнего изменения - 20/11/2013. С начала размещения товар был просмотрен 1759 раз.

Қазақтың Салт - Дәстүрі: Қыз ұзату